Анатомиялық брейн-ринг
- Подробности
- Опубликовано: 31 октября 2015
2015 жылдың 31 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасында аға оқытушы Егорова Анна Моисеевна «Анатомия, спорт морфологиясының негіздері» тақырыбында ойын түріндегі «Анатомиялық брейн-ринг» дәстүрлі ашық сабағын өткізді. Бұл жобаның негізгі мақсаты медициналық-биологиялық циклдегі базалық оқу тәртібін пән негізінде тереңдетіп оқыту болып табылады. Сондай-ақ, динамикалық анатомия бөлімінде ғылыми-педагогикалық зерттеу үшін маңызды болып табылатын талдау мен қорытындылаудың түрлерін оқытуды зияткерлік ойын арқылы жүргізу көзделген.
Сабақта «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бөліміндегі 1 курс студенттері 4 топқа бөлініп, бір-бірімен сайысқа түсті. Олар остеология, синдесмология және миология бөлімдері бойынша жүргізілген ойындарда өздерінің білімді екендерін көрсетті.
Брейн-рингтің барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Брейн-рингтің барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.