«Оқушы жастардың денсаулығы және мінез-құлқы»
- Подробности
- Опубликовано: 29 октября 2015
2015 жылдың 29 қазанында Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде ғылыми-зерттеу қоғамының кеңейтілген отырысы өтіп, оған ғылыми үйірмелер, зерттеу алаңдары мен проблемалық топтардың барлық мүшелері қатысты. Аталған отырыс қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып саналатын күйзелісті жағдайларды жеңіп шығу тақырыбына арналды. «Оқушы жастардың денсаулығы және мінез-құлқы» проблемалық топ қатысушылары «Оқушы жастардың мінез-құлықтарының копингі» жобасын ұсынды.
Ғылыми қоғам отырысына психология магистрі, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы, мінез-құлық копингі саласындағы маман С.Н. Крюков, шақырылды.