Бізге жұмыс кедергі емес- Жұмыс бізге қуаныш!
- Подробности
- Опубликовано: 29 октября 2015
29 қазан Қостанай жұмысшы жастары үшін маңызды күн болды. Қаламызда «Жас Отанның» бастамасымен жастардың екінші форумы болып өтті. Оған ҚМПИ-нің денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Ахметов Радхан, Батыргужин Амир қатысты.
Іс-шараның бірінші кезеңінде «Өз ісінің шебері 2015» байқауында машинаөңдеуші, дәнекерлеуші, акушер мамандықтарын меңгерудегі жастардың шеберліктері сынға түсті. Байқау Қостанай автожол колледжінің базасында және перинаталдық орталықта өткізілді. Онан әрі жастар «Қазақтелеком» ID Centre қызмет орталығында болып, «Келіссөздер жүргізу технологиясы», «Жұмысшылардың құқығын қорғаудағы кәсіподақтың рөлі» т.б. тақырыптарда экскурсиялық бағдарлама бойынша пікіралысу алаңдарындағы жастармен жұмыстар өте қызықты болды.

Форумның үшінші кезеңінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.К. Жүндібаевтың қатысуымен пленарлық отырыс болды. Ал, соңында форумға қатысушылар «Дионис» ойын-сауық кешенінде іс-шарадан алған әсерлері мен пікірлерін бейресми түрде ортаға салды.