«Ерік күші» аралас жекпе-жектен турнир

fks-24-25.10.1524-25 қазанда Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жектен «Ерік күші» турнирі өтті, финалда үздік қатысушылар өмірлеріндегі ең алғашқы чемпиондық белбеу үшін күресті. Осы жарыста біздің 4 курс студенті Александр Федосов 2 орынды иеленіп, финалға жолдама алды.
"Ерік күші" турнирінің ерекшелігі, бұл жарыс біріншіден кәсіби тәжірибесі жоқ қатысушылар үшін жобаланған. Октагон-клеткасына алғашқы жеңістерін алғалы келе жатқан кәмелетке толған спортшылар өздері секілді спортқа жаңа келген қатысушылармен тайталасатын болады. Ал спорт шеберлігіне үміткер спорттық атағы бар спортшылар кәсіби спортшылармен жекпе-жекке шықпақ. Турнир ұйымдастырушылары «Атлант» аралас жекпе-жекті дамыту Қоры, «Ерік күші» сауда орталығы және Свердлов облысының панкратион құрамалары тәжірибесі жоқ спортшының тәжірибелі спортшымен алаңда кездесіп қалмауын қатаң қадағалап отырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз