Демалыс базасында жиналу
- Подробности
- Опубликовано: 12 октября 2015
2015 жылғы 9-12 қазан аралығында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері (туризм 1-4 курс) ҚМПИ демалыс базасында оқу-жаттығу сабақтарына қатысты.
9 қазан күні ҚМПИ демалыс базасына дейін студенттер 27 км жолды жаяу жүріп өтті.
10 қазан күні оқу-жаттығу сабақтары өтті. Инструкторлар техникалық кезеңдерді жабдықтады. Соның ішінде: көтерілу, траверс, түсу, аспалы арқанмен өту, бөренемен жүзіп өту, жерди, жюмар арқылы тік қанатқа көтерілу, төңіректі бағдарлау, т.б.
Жаттығу мақсаты - 1 курс студенттеріне кәсіптік қызметтерінің техникалық және тактикалық дағдыларын үйрету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
11 қазан күні экологиялық десант өткізілді. Әрбір оқу-жаттығу жиынына қатысушы демалыс орында өз атаулы ағаштарын отырғызды. Аталған іс шараның мақсаты – аймақты көгалдандыру және Отанымыздың табиғатына деген патриоттық сезім мен жауаптылықты күшейту.