Шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы

fks-6-8.10.15-sorevn2015 жылғы 6-8 қазан аралығында Қарағанды қаласындағы «Ақжолтай» мұз айдыны спорт сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтіп, оған Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген спортшылар қатысты. Шорт-трек – бұл қысқа қашықтықта әрі жылдамдықта конькимен жүгіру жарысының бір түрі. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті, спорт шебері Ольга Тихонова 3000 метрлік қашықтықтағы эстафетада бірінші болып келсе, 1500 метрлік қашықтықта үшінші орынға ие болды. «ДШжС» мамандығының 3 курс студенті Никита Радаев 500м, 1000м, 1500м, 5000м қашықтықтарда екінші орынды иеленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Шорт-тректен Қазақстан Республикасының кубогы