"Алтын күз"

fks 25-27.09.1525-27 қыркүйек күні "Алтынгүл" балалар денсаулығын нығайту лагерінің базасында туристердің «Алтын күз» атты 27-ші слеті болып өтті. Жарыстың бағдарламасына сәйкес (А және Б кластары бойынша) жол бөгеттерінен өту, эстафета, сондай-ақ конкурстық бағдарламаны (капитандар жарысы, фотожинақ, экспресс-газет, туристік әндер) орындау шеберліктерімен бәсекеге түсті.
Жарысқа қатысқан 9 команда арасында «А» класы бойынша бірінші орынды Әулиекөл ауданының «Бағдар», ал «Б» класы бойынша Жітіқара қаласының «Көкжиек» командасы жеңіп алды.
Бір айта кетерлігі, осы шараны, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің денешынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының студенттері ұйымдастырып және оған өздері белсене қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз