«Денсаулық күні» фестивалі
- Подробности
- Опубликовано: 18 сентября 2015
Дүниежүзілік денсаулық күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын спорт және денсаулық мерекесі. Қостанайдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанасының балалары бұл күнді асыға күтеді, өйткені олар түрлі спорттық жарыстарға қатысады, күні бойы далада таза ауамен демалады.
Балаларға арналған бұл іс-шараны Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері ұйымдастырды.
Бүгінгі өмірімізде денсаулық күні бәріміз үшін ең қажетті іс-шара болып табылады. Біздің экологиямыздың нашарлай түсуі, зиянды әдеттердің сәнге айнала бастауы денсаулықты күшейтуге соншалықты ықпал ете қоймайды. Біз балаларға денсаулықтың шын мәнінде «біздің қазына» екенін түсіндіруіміз қажет. Біз денсаулығымызды сақтауымыз керек сонда ғана ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Денсаулық – сатып алуға және сатуға мүмкін емес жалғыз нәрсе.