«Сән мен сахна» атты сахна киімдері фестивалі
- Подробности
- Опубликовано: 13 сентября 2015
2015 жылғы 11-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу салтанаты өтті. «Қазақ елі» монументі жанындағы алаң үлкен бір этноауылға айналды. Алаңда Қазақстанның барлық аймақтарынан келген өкілдердің қатысуымен көпшілік серуені ұйымдастырылды. Халықтық мерекеге он бес би ұжымы, тоғыз халықтық аспаптар оркестрі, алты фольклорлық-этнографиялық ансамбль, екі мыңға жуық әртіс, музыкант, бишілер қатысты.
Сонымен қатар мереке аясында «Сән мен сахна» атты сахна киімдері фестивалі өтіп, түрлі спектакль жанрынан алынған ұлттық киім үлгілерінің топтамасы көрсетілді. Фестивальға «Туризм» мамандығының 2 курс студенті Жұлдызай Кедірбаева қатысты.