Биіктікті бағындыр
- Подробности
- Опубликовано: 07 сентября 2015
Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Италияның Арко қаласында, жасанды бедерде спорттық өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионаты өткізілді. Бұл дүбірлі додаға жер шарының 51 елінен 14 пен 19 жас аралығындағы ең мықты деген 1159 жас өрмелеушілер қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған ұлттық құрама командасында 19 спортшы болды. Солардың қатарында ҚМПИ-нің денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің «Денешынықтыру спорт» мамандығының 1 курс студенті Екатерина Круть та болды.
Жарыс ашық аспан астында Альпі тауының етегіндегі жыл сайын әлем кубогі мен басқа да халықаралық жарыстар болып тұратын 20 метрлік шатқалда өтті. Әлем біріншілігінің тарихында тұңғыш рет мұнда өрмелеудің үш ережесі-боулдеринг, шапшаңдық, күрделілікті сақтаудағы спортшылардың шеберліктері сарапқа салынды.