Құттықтаймыз!

Колесниченко Александр – метание дискаТамызда Павлодар қаласында, Қазақстан Республикалық ІV-ші Параолимпиадалық ойындары болып өтті. Жарысқа елдің барлық аймақтарынан 594 спортшы қатысты. Жүзу, пауэрлифтинг, оқ ату, жеңіл атлетика, волейбол, стол теннисі, коляскадағы би сияқты 7олимпиадалық спорт түрінен өткен бұл сайыста 424 медаль комплектісі бәйгеге тігілді.
Қазақстан Республикасының бұл ІV Параолимпиадалық ойыны 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Параолимпиадалық ойындардың лицензиясын жеңіп алуға дайындық болып табылады. Осы сайыста ҚМПИ-нің денешынықтыру, спорт және туризм факультетінің 5 курс студенті Колесниченко Александр спорттың екі түрінен 1 орынға ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз