Оқытудағы жаңа тәсілдер
- Подробности
- Опубликовано: 11 ноября 2017
Спорт және туризм, дене шынықтыру факультетінде де барлық басқа педагогикалық мамандықтар ретінде «Мұғалімнің кәсіби бағдары» пәні жүргізіледі. Бұл пәннің мақсаты студенттерді жаңа әдістемелермен таныстыру, мектепте оқу сабақтарын жүргізуде, жаңа тәсілдермен өткізу және ұйымдастыру, сондай – ақ жаттығу үдерісін ұйымдастыру. Бұл пән 4-ші курста оқытылады, сабақты орыс бөлімінде дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Ковш Наталья Алексеевна жүргізеді. Аға оқытушысының сабақтары әрдайым шығармашылық және қызықты түрде өтеді, студенттер білім беру процесінің белсенді қатысушылары болып табылады.
Осылай сабақтардың бірінде (СОӨЖ) «сын ойлау Технологиялары» тақырыбы бойынша семинар – аукцион түрінде жүргізілді.Студенттер бұл жаттығуға шығармашылық жолмен келді.Топтарға бөлініп, әр топ алдын ала өздері таңдаған сын ойлау технологиясының стратегиясы туралы ақпаратты дайындады. Сабақтың басталуына дейін жүргізушілер сабақтың мақсаттары мен міндеттерін жариялады және сабақ аукционының өткізу ерекшеліктерін сипаттады. Барлық топтарға түрлі елдердің валюталық белгілер түрінде жетондар таратылды. Сабақтың мақсаты аудиторияда таңдалған стратегияны студенттерге осы аукционда үлкен соманы ұсына отырып, осы стратегияны «сатып алуды» қалағандай етіп көрсету болды.
Студенттердің әрбір тобы таңдап алынған стратегияны айқын түрде таныстырды, позитивті аспектілерді сипаттады, сонымен қатар студенттер қосымша схемалар және материалдар, презентация түрінде көрнекі материал қолданды. Студенттік аудитория пассивті болған жоқ, ұсынылған стратегиялар, кемшіліктер туралы, пайдалану мүмкіндіктері туралы және т.б. сұрақтар қойылды. Әрбір топтың өздері таңдаған стратегияларын ұсынғаннан кейін, аукцион басталды, студенттер қалаған лотоларын сатып алды. Студенттер жетондарды ұлттық валютаға ауыстырудың математикалық дағдыларын қолданды, сонымен қатар аудиторияда өзгеріссіз тып- тыныш атмосферасы басым болды.
Сабақтың соңында студенттер сабаққа қатысу деңгейін анықтап, пайданылатын сабақтың нысаның және артықшылығын анықтап, оқиғаның тиімділігін анықтайтын рефлексия өткізді.