«Адам әлемді, оның мәнін өз сезімдері мен ақыл ой арқылы тани алады»
- Подробности
- Опубликовано: 28 февраля 2020
Тәрбие сағатының мақсаты: әл-Фараби өмірі, ғылыми еңбек жолы туралы түсінік беру, ғылыми-рухани мұраларына тоқтала отырып, жастардың туған топырағымызда өмір сүрген зиялы тұлғалардың өнегесін қадір тұтуға, еліне адал еңбек етіп, рухани бай қазынамызды ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастыру.
Тәрбие сағаты бес бөлімнен тұрды:
- Тақырып бойынша әл-Фарабидің ұлағатты сөздердің мәнін ашу, олардың қазіргі жастардың тәрбиесіндегі рөлі қарастырылыды.
- «әл-Фарабидің философиялық ой пікірлері» бойынша пікір аламасу.
- әл-Фарабидің психологиялық еңбектері және оның қазіргі кездегі ғылыми психологиядағы орны.
- әл-Фарабидің музыка және медицина ғылымдарына қосқан үлесі.
- әл-Фарабидің адамгершілік тәрбие туралы еңбектерін талдай отырып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі тәрбие мен білімнің рөлі
Студенттер әр бөлім байланысты дайындап келген материалдары бойынша ой пікірді ортаға салып, қатысушылармен белсенді талқыланды. Ғұлама ойшыл бабамыздың даналық сөздері бойынша презентация жасалынып, оның түпкі маңызын талдай келе, олардың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясымен сабақтастығы, үндестігін байқадық. Жанбатырова Асем мен Шакеева Алима әл-Фарабидің сихологиялық көзқарастарына тоқтала отырып, оның көптеген идеяларының психология ғылымының алтын қорына енгенін ортаға салды. Бегалы Акниет әл-Фарабидің ақындық шығармаларынан үзінділер оқыды. Ал, бастауыш оқыту мамандығында оқитын студенттер Жаппар Айдын, Әшет Жансая, Кабдырахман Гүлнүр әл-Фарабидің тіл және әдебиет саласындағы еңбектерін болашақ мамандықтарымен байланыстыра ашып, сол кездегі айтылған ғылыми ой-піркірлердің қазіргі дейінгі өзектілігі мен маңыздылығын ашып көрсетті.
Жалпы, дөңгелек үстел өз мақсатына қол жеткізді, студенттер осы бір сағаттық іс шарадан өздеріне пайдалы ақпараттар алды, сонымен қатар оның тәрбиелік мәні мен студенттерді шығармашылық жұмыстарға деген белсенділіктерін оятты, олар осындай іс-шараларға тағы да қатысқылары келетіндіктерін білдірді.
Тәрбие сағатын ұйымдастырып жүргізген психология және дефектология кафедрасыныңаға оқытушысы Каирова Б.Х., деканның орынбасары, биология ғылымының магистрі Алипбаева Г.А., және педагогика және психология магистрі УсембаеваА.Х.