Психологиялық-педагогикалық факультеттің бітіруші түлектеріне арналған Онлайн кеңес
- Подробности
- Опубликовано: 18 апреля 2020
2020 жылдың 18 сәуір күні психология-педагогика факультетінің деканы Айдналиева Н.А. және деканның орынбасары Алипбаева Г.А. ұйымдастырған бітіруші түлектерге арналған онлайн кеңес өткізілді. Ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары барысында келесі мәселелер қаралды:
- Қазіргі жағдайға байланысты бітіруші түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестаттау және дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау туралы;
- Moodle (Turnitin) плагиат желісінен жұмыстарын тексеру;
- Жас мамандарды міндетті түрде жұмыспен қамту туралы.
Кездесу барысында түлектерді қашықтан оқыту технологиясы жағдайында қорытынды аттестацияны өткізу нұсқаулықтарымен, дипломдық жұмыстарды/жобаларды онлайн түрінде қорғау өтетін Moodle, BigBlueButton платформасының мүмкіндіктері жөнінде, Turnitin жүйесімен плагиаттың болуына, студенттік жұмыстардың мәтіндерін тексеру ережелері туралы таныстырды. Сонымен қатар, Turnitin жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтылды.
Факультет деканы Айдналиева Н.А. студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді, сәйкестік пайызы қалай есептелетіні (плагиат) туралы және де мамандық бойынша кешенді емтиханды Платонус оқу үрдісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы өткізілетіні жайлы ақпараттандырды. Көптеген студенттер осы жүйеде тексеруден өткендігі анықталды. Алипбаева Г.А. жоғары оқу орнынын бітіргеннен кейін жас мамандарды міндетті түрде жұмыспен қамту туралы, түлектерді мамандандыру туралы, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу ережелері туралы толық ақпаратты ұсынды.