ҚОТ жағдайында ашық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2020
Психология және дефектология кафедрасының апталығы аясында психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы, биология магистрі Алипбаева Гульжан Агыбаевна 2020 жылдың 24 сәуірінде «Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы» пәні бойынша ашық семинар сабағын өткізді. Бұл пәнді «Дефектология» білім беру бағдарламасының студенттері 1 курста оқиды.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі п.ғ. к., профессор Л.Н. Лиходедова, ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының маманы А.А. Жиенбаева, сонымен қатар оқытушылар Ш.С. Демисенова, О.В. Казакова, Д.К. Кожанова, Р.К. Бегежанова қатысты.
Семинар сабағының тақырыбы "Сөйлеу аппараты бөлімдерінің патологиясы". Сабақтың мақсаты: студенттердің этиология, клиникалық көріністер және сөйлеу бұзылыстарының алдын алу саласындағы білімдерін жүйелеу; студенттерді адамның шеткі сөйлеу мүшелері ауруларының себептері мен негізгі симптомдарымен таныстыру; сөйлеу мүшелерін қорғау, патология, гигиена және даму ерекшеліктері туралы түсініктер мен білімдерді қалыптастыру.
Сабақ барысында оқытушымен қарастырылған сұрақтар қойылып, студенттердің алдына міндеттер қойылды. Ашық сабақ онлайн режимінде өткізілгеніне қарамастан, өнімді, табысты болды.
Студенттер сабаққа белсенді қатысты, олар сөйлеу аппаратының тыныс алу бөлігінің патологиясы (фарингит, ларингит, бадам қабынуы, полиптер) мәселелері бойынша презентациялар ұсынды, тілдің даму патологиясына және т. б. тақырыптарға жан-жақты тоқталды.
Студент Едрес Салтанат осы тақырып бойынша ребустар дайындады.
Сабақ соңында білімді бекіту мақсатында викторина (сұрақ-жауап) өткізілді. Студенттерге жасырын сұрақтары бар 9 цифрдан тұратын тақта ұсынылды. Жасырылған сұрақтар студенттерде қиындық тудырған жоқ.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.