Кез келген білім беру жүйесінің миссиясы – оның жақын және алыс болашаққа бағытталуы
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2020
ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара тығыз қарым-қатынасы кезінде талқыланған мәселе - болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту. Кездесу онлайн-дөңгелек үстел түрінде психология және дефектология кафедрасында әдістемелік аптасы аясында өткізіліп, аталмыш мәселе белсенді диалог формасында қызу талқыланды. Онлайн-дөңгелек үстелдің тақырыбы - "ЖОО-ның қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық бағыттағы түлегінің моделін қалыптастырудағы өзекті мәселелер". Бүгінгі таңда бұл тақырып жоғары білім беру жүйесі үшін өте маңызды, өйткені жоғары оқу орындарын дербестендіру және осыған байланысты олардың арасындағы бәсекелестік жағдайы бір жағынан, екіншіден қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі ертеңгі күннің белгісіздігі мамандарды даярлауға ерекше назар аудартады. Белгісіздік жағдайы адамнан оған қарсы тұру және өмірдің әр түрлі салаларында барабар бейімделуді талап етеді, осыған байланысты қоғам бүгінгі күні сапалы, білікті психологиялық-педагогикалық көмек пен қолдауды қажет етеді. Олай болса, осы бағыттағы мамандарды даярлау мәселесі өзекті болып табылады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-ЖОО бітірушінің кәсіби қызметін орындауға қажетті өзекті құзыреттіліктерін және оларды білім беру процесінде қалыптастыру жолдарын анықтау. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Е. А. Петренко; Г. А. Ислямова, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының психологиялық қызметінің үйлестірушісі; Е. С. Федотова, Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының психолог мамандарын даярлау және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу орталығының бастығы,), тәжірибе-мамандары (педагог-психологтар: И. С. Марченко, №2 мектеп-лицей; Е. А. Пряхин, №3 мектеп-гимназия; М. К. Ордабаева, "Қостанай қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі"), Г. Б. Тәженова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы және кафедра оқытушылары қатысты.
Талқылау барысында қоғамда болып жатқан өзгерістер болашақ педагог–психологтарды және психологтарды оқыту нәтижелерін бағалаудың жаңа әлеуметтік маңызды бағдарлары мен критерийлерінің пайда болуына себеп болатынын атап өтті. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы бакалаврларды дайындау тек жаңа практикалық - бағдарлы тәсілді ғана емес, білім беру бағдарламасымен берілген кәсіби білімді, ептілік пен дағдыны қалыптастыруды, сонымен қатар: өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу, мобильділік, міндеттерді шешудің құралдары мен тәсілдерін таңдауда икемділік, командада жұмыс істей білу, креативтілік сияқты бірқатар жеке қасиеттерді талап етеді, бұл білім алушының портфолиосында көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, түлектердің гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және кәсіби даярлығының жоғары деңгейін қалыптастыру, жұмыс беруші түлектің құзыреттілігін бағалау түрінде кері байланыс жүйесін қалыптастырумен ұштастырылуы тиіс.
Жұмыс берушілермен және мектеп психологтарымен кездесу білім беру бағдарламаларына қолданыстағы пәндермен қатар жаңа пәндерді енгізуге, оқытудың нысандары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік беретін психолог пен педагог-психологтың түлегінің үлгісінің өзекті компоненттерін анықтауға ықпал етті. Дөңгелек үстелге қатысушылар көтеріліп отырған мәселенің конструктивтілігін, түлектердің кәсіби деңгейін өмір талабына сәйкес талқылануын өздерінің сөздерінде атап өтті.
Онлайн кездесудің модераторлары аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Усембаева А. Х. және аға оқытушы, психология магистрі Калиниченко О. В. Қатысушылардың нәтижелі қарым-қатынас жасауына барлық жағдай жасауға тырысты: презентацияларды көрсету, чат және техникалық қамтамасыз ету мониторингі (микрофон және веб-камера арқылы байланыс). Психология және дефектология кафедрасы ақпараттық-техникалық бөлімнің бастығы В. М. Гридневаға және оның командасына онлайн-дөңгелек үстелді ұйымдастыруға техникалық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.