«Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми-шығармашылығы, ерліктері және үлгі тұтарлық тұлға» атты онлайн пікірталас
- Подробности
- Опубликовано: 11 мая 2020
2020 жылдың 11 мамыр күні психология - педагогика факультетінің декан орынбасары Г.А. Алипбаевнаның жетекшілігімен 3 курс студенттерінің арасында «Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми-шығармашылығы, ерліктері және үлгі тұтарлық тұлға» атты онлайн пікірталасы өтті.
Студенттер «Екінші ұстаздың» еңбектерінің өзектілігін талқылау үшін онлайн режимде кездесті. Пікірталас модераторының міндетін Педагогика және бастауыш оыту әдістемесі білім беру бағдарламасының студенті Лантух Яна атқарды.
Пікірталас барысында сөз сөйлеген студенттер Тулегенова Айзат, Казез Думан, Бисахметова Асем, Молокова Алина Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, медициналық зерттеулері, тәрбие және педагогика туралы жалпы ғылымға қосқан еңбегі туралы баяндамалармен таныстырды. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Кеулимжанова Аружан «Екінші ұстаз» атты өлеңін оқыды. Себебі, ол тек қана философ емес, ақын да болған.
Онлайн-пікірталастың соңында студенттер мен оқытушылар философтың еңбектері, оның зерттеулерінің өзектілігі және ұрпақтар сабақтастығы туралы өз пікірлерін білдірді. Оқытушылар біздің түп тамырымызды ұмытпауымыз керектігін, тек қана ізашылардың ашылуын көбейтуіміз керек екендігін атап өтті.