«Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбындағы аймақтық конференцияға қатысу

27.10.16

Психология және педагогика факультеті, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері Әсілхан Назерке (4 курс) және Егентай Айгүл (3 курс) 2016 жылдың 27 қазан күні «Қостанай облысы «ГрИн» азаматтық альянсы» Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық Достық үйінде «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында ұйымдастырылып өткізілген аймақтық конференцияға қатысып қайтты. Бұл конференция жұмысына «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі Д.Х. Кушмурзинаның ғылыми жетекшілігімен Егентай Айгүл «Толеранттылық – басты құндылық», Әсілхан Назерке «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас халық» тақырыптарында мақалаларын жазып жіберген болатын, ол мақалалар конференция жұмысының жинағына жарияланды.

Жоғарыда аталған студенттер конференция жұмысына қатынасқандықтарына қуаныштарын білдіре отырып, конференция барысында адами құндылықтар, ұлтаралық қатынастар, толеранттылық, ұлттар достастығы және т.б мәселелер талқыланып, қатысушылар жүрегіне ұлтқа, ұлтаралық қатынасқа деген сезімдеріне әсер еткен жиын болғандығын басқа студенттерге айта отырып, өз толғаныстарымен бөлісіп, алған сертификаттарын да көрсетіп жатты. Сонымен қатар, «осындай конференциялар көптен ұйымдастырылса, болашақ жас мамандарға, яғни бізге, жастарға мол пайдасын тигізер еді және де осындай жұмыстарда қоғамда көп тартысқа түсетін мәселелерді көбірек қозғап отырса, жастардың білім аясын кеңейтуге мүмкіндігі зор болатынына сенеміз» деп өз пікірілерін де білдіріп қойды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбындағы аймақтық конференцияға қатысу