Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген арнайы емтихан
- Подробности
- Опубликовано: 14 июля 2016
2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі педагогикалық мамандықтарды таңдаған барлық талапкерлер үшін арнайы емтихан енгізді. 5-14 шілде аралығында осындай емтихан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілді. Жүзге жуық студент күнсайын емтихан тапсырып, психологиялық тестілеуден өтті, күрделі педагогикалық жағдайларды шеше білді. Психология-педагогика факультенінің оқытушыларынан құралған комиссия үміткерлердің жауаптарын тыңдап, әділ бағаларын беруге тырысты. Жалпы талапкерлер педагогикалық бағыттағы деңгейлері мен шығармашылық қабілеттерін жақсы көрсете білді.