«Оқыту мен оқудығы жаңа тәсілдер»
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2016
Жаңа инновациялық технологияларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу талаптарына сай 2016 жылдың 26 сәуірінде «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы апталығының бағдарламасы негізінде кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Оған Қостанай қаласының № 1, 9, 20, 115 орта мектептерінің және Қостанай ауданы, Семенов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Онда бастауыш сынып оқушыларының жалпы танымдық үрдістерін, яғни қиялын, елесін, ойын дамыту мақсатында сабақта қолданылатын шығармашылық тапсырмаларды орындатудың әдістемесі қарастырылды. Мысалы: сабақта қойылатын жабық және ашық сұрақтардың ерекшелігі, сабақтың смарт мақсаты жайында түсінік беріліп, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары (РАФТ, Болжау) қолданылды. Осының негізінде әр мектептен келген мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Соңында ҚМПИ сертификаты тапсырылды.