«Оқыту мен оқудығы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы шеберлік сағаты
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2016
2016 жылдың 26 сәуірінде «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы апталығының бағдарламасы негізінде кафедраның аға оқытушысы Бекмурзина Жанат Мирамгалиевна кафедраның «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология» мамандықтарында оқып, бітіріп шыққан түлектеріне «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Оған Қостанай қаласы мен Қостанай облысы және аудандарының балабақша тәрбиешілері, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері және дефектолог мамандары (26 адам) қатысты. Бұл өз кезегінде кафедраның бітіріп кеткен түлектерімен тығыз педагогикалық байланысты орнатудың бірден-бір жолы болып табылады.Онда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегияларықолданылып, түрлі топтық жұмыстар арқылы түрлі шығармашылық-танымдық тапсырмалар орындатты.Соңында ҚМПИ сертификаты тапсырылды.