Студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі
- Подробности
- Опубликовано: 25 апреля 2016
25 сәуірде 2016 жылы " мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Онда 2-ші, 3-ші және 4-ші курс студенттері, "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", "Дефектология" (қазақ және орыс тілдерінің) студенттері қатысты. Бұл көрме 25-29 сәуірде 2016 жылы өтіп жатқан психология және педагогика кафедрасының аптасын ашты.
Барлық көрмеге келушілерді алуан техникалар таңқалдырды: ермексаз бейнелеу өнері, квиллинг, оригами, шөрке төсеу, декупаж, әшекейлеу, құрастыру, матамен жұмыс істеу, қамыр пластикасы және т. б. Барлық жұмыстарды студенттер өз қолдарымен істеген және бұл жұмыстар ең жақсы үлгі ретінде көрсетіледі.
Бұл көрме студенттер мен мұғалімдердің бірлескен қорытынды жұмыс болып саналады.
Көрмені ұйымдастырушылар психология және педагогикалық факультетінің Д,НиСО: педагогикалық ғылымдар магистрі И. П. Борщевская, магистр Мукалиева Б. Х.