Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жылдығына арналған кураторлық сағат
- Подробности
- Опубликовано: 21 апреля 2016
Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының 3 курс студенттерімен топ кураторы Кушмурзина Даметкен Хажмухановна 2016 жылдың 21 сәуірінде тақырыптық кураторлық сағатын өткізді. Онда студенттер Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметіне тоқтала отырып, білім беру жүйесіне қосқан үлесін баяндап өтті. Сонымен қатар еңбектерінің бала тәрбиесіндегі маңызына талдау жасады. Мысалы: «Әке мен бала» әңгімесін қойылым ретінде жақсы көрсетіп берді. Сонымен Ы.Алтынсариннің әңгімелерін балабақшада балаларға тәрбие беру мен оқытуда қолданудың әдістемесін сөз етті.