«Қостанай облысы: өткені мен бүгіні»

ppf-15.04.162016 жылдың 15 сәуірінде ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Қостанай облысы: өткені мен бүгіні» атты тақырып аясында интеллектуалды ойын өтті. Ойын 3 бөлімнен тұрды. Сұрақтар мына тақырыптарты қамтыды: Қостанай облысының тарихы (архитектуралық және тарихи ескерткіштер, мәдениет және өнер); өлкеміздің танымал тұлғалары; Қостанай облысының географиясы.
3 бөлімнің қорытындысы бойынша психология және педагогика факультетінің студенттерінен құралған команда 3-ші орынды иеленді. Команда құрамына «Дефектология» мамандығының 1 курс студенттері Руденко Марина және Перекальская Вероника кірді, команда капитаны «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенті Найзагаринова Айгерим.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз