«АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ, АЛҒАШҚЫ ДАНА БАБАМ»

14.04.162016 жылғы 14 сәуірде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай факультетімізде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге еліміздің көрнекті ақыны, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, ҚМПИ профессоры Серікбаев Оспанов шақырылды.
Ыбырайтанушы С.Оспанов Ы.Алтынсариннің өмірбаяны, оның ұлағатты ұстаздық қызметтері мен осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келген құнды еңбектері жайында тағлымы мол, қазіргі жастар үшін тәлімдік мәні зор деректермен бөлісті. С.Оспанов Ы.Алтынсариннің әлі де зерттеуді қажет ететін құнды деректерінің Мәскеу кітапханасынан табылып, ғылыми талдауға алынатындығы жайлы да айтып өтті.
Дөңгелек үстел барысында студенттер қонағымызға көптеген сауалдар қойып, қызықтырған мәселелері жайында жауап алды.
Дөңгелек үстелден соң, студенттер Ы.Алтынсарин жайында пайдалы, әрі құнды білім алғандығын айтып, зор ризашылықтарын білдірді. Осындай тағлымы мол, әсерге толы іс-шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз