«Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің»
- Подробности
- Опубликовано: 14 апреля 2016
2016 жылдың 14 сәуірінде «Психология және педагогика» факультеті «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Х. Султанбекова 1 курс студенттері үшін «Дінге артылса сенімің, имандылық болар серігің» тақырыбында іс-шара өткізді.
Мақсаты: Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды жас ұрпақты тәрбиелеуді студенттердің бойына дарыту.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп, дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Сонымен қатар, студенттер діннің пайда болуы мен оның кең таралуы туралы, адам сенімділігінің маңызы туралы баяндама дайындады, «Имандылық» тақырыбына байланысты өлеңдер оқылды. «Иманды қыз», «Әке мен бала» бейнероликтері студенттердің қызу талқысына түсіп, олар осы тақырыптарда өз пікірлерін ортаға салды.