Жыр алыбы – Жамбылға 170 жыл
- Подробности
- Опубликовано: 08 апреля 2016
2016 жылдың 08 сәуірі күні «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен әзірленген халық поэзиясының алыбы атанғанғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кураторлық сағат ретінде тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді. Онда Ж.Жабаевтың өмірбаяны, ақын-жазушылардың оған берген бағасы туралы айтылды. Студенттер бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасына енген өлең-жырларын оқып, олардың оқушыны оқытып-тәрбиелеудегі маңыздылығына болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ретінде кеңінен тоқталып, әдістемелік талдаулар жасады. Тәрбие сағатына дайындалған презентация өте мазмұнды әрі тартымды болды.