«Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі»

08.04.162016 жылғы 08 сәуірде психология кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Молдахметова «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс қазақ бөлімінің студенттеріне «Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат мақсаты – Алаш арыстарының бірі Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси және ұлт-азаттық қозғалысындағы рөлі жайында студенттердің білімдерін тереңдету.
Студенттерге қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдағы ролі жайлы зерттеуші ғалымдардың материалдары жинақталған деректі фильм көрсетілді. Фильм студенттер үшін тәрбиелік мәні зор тарихи құнды деректермен ерекшеленді. Студенттер деректі фильмді қарағаннан кейін, Ә.Бөкейханов туралы білімдерінің толығып, жаңа әрі пайдалы мәліметтер алғанын және осындай тәрбиелік мәні бар, тағлымы мол деректі фильмдер жиі көрсетіліп тұрса, еліміздің тарихы туралы білімдерімізді толықтыра түсер едік деген ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, студенттер фильмдегі материалдардан тыс Ә.Бөкейхановтың өмір жолы мен қызметі туралы білімдерімен де бөлісіп, пікір алмасты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі»