Интеллектуальды педагогикалық эстафета
- Подробности
- Опубликовано: 07 апреля 2016
2016 жылдың 7 сәуірі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасы «Ровесник педагогикалық отрядымен бірге интеллектуальды эстафета өткізді. Іс шараның мақсаты: болашақ педагогтың – студенттің кәсіби педагогикалық қызығушылығын дамыту және студенттерді қалыптастыруда «Мен-концепциясы» кәсіби орнығуының құралы ретінде.
Студенттер визиттік карточкаларды презентациялады, содан кейін 7 әр түрлі аялдамалардан өтті. Аялдамалардан өту мақсаты студенттердің педагогикалық білімін тексеруге бағытталды. Іс-шараның қорытындысында студенттер номинациямен және жүлделі орындармен марапатталды. Оқытушылар мен студенттер өткізілген іс-шараның маңыздылығын ескеріп, алдағы уақытта «Ровесник педагогикалық отрядымен бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасады.