Ашық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2016
Педагогика кафедрасының апталығы бойынша 2016 жылдың 4 сәуірінде, сағат 13.30-да Этнопедагогика пәнінен тарих, музыкалық бөлім, биология мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы ашық сабақ өткізді.
Оқытушы «Қазақтың халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті дәріс-визуализация және дәріс-пресс-конференция түрінде өте жақсы жүргізді. Дәрісте мультимедиялық кешен, слайдтар, фильм фрагменттері, белсенді үлестірме материалдар (БҮМ), кестелер, сызбалар, ұғымдар күнделігі және т.б. көрнекіліктер қолданылды. Дәріс барысында әр сұрақтың мазмұнын ашу үшін «Тіл – ұлттың басты негізі» (2 мин.), «Жаһандық дамудағы қазақ философиясы» (2 мин.), «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (2мин 30 сек.) тақырыбында фильмдер қолданылды. Студенттер шығармашылығынан Жомартова Балжан қобызда «Саранжап» күйін орындады. Қуанышбеков Мағжан мен Сапарғалиев Нұрболат «Қазақ елі» әнін орындады. Студенттер дәріске белсене қатысты.