Мұражай – тарих, мұражай – шежіре
- Подробности
- Опубликовано: 01 апреля 2016
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттері Қостанай облысы тарихи-өлкетану мұражайына 2016 жылдың сәуір айында барып, ондағы жәдігерлердің сырына үңілдік. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шықтық деп нақты айта аламыз.
Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен.
«Мұражай – тарих, мұражай – шежіре. Мұражай – білім – ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай. Мәдениетті елдерде әрбір мұражайдың тарихы жазылып қатталады.Мұражайдың қазіргі экспозициясының негізгі бөлімдері: «Өлкенің ежелгі тарихы» археология залы, «Өткеннің тылсым тіршілігі» палеонтология залы, «Қостанай облысының табиғат байлықтары», «Туған жер тарихы», «Өлке халықтарының мәдениеті мен тұрмысы», «Қостанай қаласының тарихы», «Қостанай облысының тарихы», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Қостанай жерінің мақтаныштары» залдары, сонымен қатар мұражайдың көрме залымен танысып шықтық.Бізге мұражайдағы жәдігерлердің бәрі дерлік қатты ұнады. Көптеген мәліметтер ала білдік және осы мұражайдан алған білімімізді алдағы уақытта мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түсіндіріп, өткен тарихымыздан толық мәлімет береміз деген сенім білдіремін.«Сіздің артыңызда қалдырған мұраңыз – жинаған байлығыңыз , жай ғана құндылықтар емес, жақсы өткізген өміріңіз. Құндылықтар – адамдардың не үшін өмір сүретінің белгісі» деген екен Т.Джефферсон.Олай болса, мұражай қорындағы жинақталған құндылықтарды зерттеп-зерделеу және болашақ ұрпақтың бойына дарыту барлығымыздың міндетіміз.