«Ақындар бізді жақсылыққа асықтырады»

30.03.162016 жылдың 30 науырызында «Дефектология» және «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығының 1-курс студенттері Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қонақта болды. Онда ақын, аудармашы Абдрахман Серғалиұлы Досовтың туғанына 70 жылдығына арналған «Ақындар бізді жақсылыққа асықтырады» атты шығармашылық кеші болды.
Нағыз ақындар – жарық тұлғалар. Абдрахман Серғалиұлы - «Алтын көпір» бірінші халықаралық сайысының лауреаты және басқа республикалық, облыстық әдебиет сайыстарының, «Қазына» жүлдесінің «Әдебиет» номинациясы бойынша облыстық меценаттар Клубының бірнеше рет жеңімпазы, 5 кітаптың авторы.
А. С. Досов 1981 жылдан баспаға шықты, ол тек қана ақын ғана емес, қазақ тілінен орыс тіліне аудармашы. Абдрахман Серғалиұлы оқырмандарды белгілі қазақстандық авторлар М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, А. Шаяхмет, С. Оспанов, Ж. Баязид, М. Бектемірова және басқалардың шығармашылығымен таныстырды.Кітапхана директоры Д. Т. Дюсибаева мерей той иесіне «Қостанай облысының 2016 жылдың мерекелік және оқиғаларының күнтізбесін» және «Ақын әрі аудармашы» библиографиялық құралын тапсырды. Кеште автордың орындауындағы өлеңдер оқылды. Автор «Толстовка» оқырмандары үшін «Сердцебиение» жаңа кітабының 30 данасын сыйлады. Мерей той иесін құттықтауға: А. Суслова А. Амир, А. Каратаев, В. Лоскутников, А. Бекмаганбетов, В. Растегиндер және оның шығармашылығына бас иетіндер, кітапхана оқырмандары, жастар, БАҚ өкілдері келді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз