Әлеуметтік-педагогикалық оқулар

25.03.162016 жылдың 25 наурызында мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында атақты педагогтар Ы.Алтынсарин мен А.Макаренкоға арналған әлеуметтік-педагогикалық оқулар өтті. Конференцияға ҚМПИ (Қостанай), РМӘУ (Мәскеу қ.), ЧМПУ (Челябі қ.). оқытушылары мен студенттері қатысты. Модераторлар болып Л.В. Мардахаев, п.ғ. д., профессор, әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі; А.М. Егорычев, ф.ғ. д., әлеметтік педагогика кафедрасының профессоры (РМӘУ); Н.А. Соколова, п.ғ.д., профессор, әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі; Р.С. Димухамедов, п.ғ.д., әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология кафедрасының профессоры, (ЧМПУ); Е.Д. Ли, п.ғ.к., МД,Б және АББ кафедрасының меңгерушісі; А.Ф. Дайкер, п.ғ.к., МД, Б және АББ кафедрасының профессоры (ҚМПИ) жұмыс атқарды. Ұсынылған баяндамалар аудиторияда ғылыми қызығушылық танымдарын оятып, қатысушылардың желілік қарым-қатынастарын тиімді жүзеге асыруға септігін тигізді.Пленарлық отырысынан кейін МД,Б және АББ кафедрасында «Болашаққа нақ қадам: студенттердің педагогикалық ғылымына көзқарастары» атты студенттік ғылыми конференция аясында секциялар бойынша жұмыстар өз жалғасын тапты. Студенттік конференциясы қорытындысы бойынша студенттерге сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз