«Педагогтың кәсіби дамуындағы ғылыми жолбасшы»
- Подробности
- Опубликовано: 06 марта 2016
2016 жылдың 6.03 – күні педагогика кафедрасы апталығы бойынша «Педагогтың кәсіби дамуындағы ғылыми жолбасшы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел жұмысы бойынша: Набатникова Татьяна Ивановна - «Қостанай Дарыны» әдістемелік жұмысы бойынша РҰПО бастығы, Ильсова Гульбаршын Айпбергеновна - Қостанай қ. № 10 пилоттық мектептің директорының орынбасары қазақ тілінде оқыту, 2 деңгейлі, сертификатталған мұғалім Бекентаева Айман Кожаковна – Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімінің бастығы, Ищанова Раиса Садыкпаевна – Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімінің маманы, ҚМПИ, психология-педагогика факультетінің оқытушылары және 1 курс студенттері.Дөңгелек үстел жұмысы бойынша қарастырылған мәселелер өте өзекті болды. Бұл психологиялық-педагогикалық жетекшіліктің және мұғалімді кәсіби қолдауға тірелді: ғылыми-педагогикалық жетекшіліктің негізгі концептуалды жақтары, ЖОО оқытушыларының мектеп мұғалімдерінің жағашылдығына ғылыми негізделген психологиялық-педагогикалық жетекшілік көмегі, ҚР қазіргі білім беру кезеңдерінде психологиялық-педагогикалық жетекшіліктің әр түрлі қолданылуы, «ЖОО»-«Мектеп» интеграциясындағы әдістемелік қызметтің рөлі, сонымен қатар, мұғалімге педагогтың кәсіби дамуындағы психологиялық-педагогикалық кеңестің маңызы, қазақстандық білім берудің көптеген басқа мәселелері және пилоттық мектептердің дамуындағы кәсіби жетекшіліктердің ерекшеліктері.Дөңгелек үстел жұмысының тақырыбы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Талқылау барысында педагогика кафедрасының меңгерушісі Б.М.Өтегенова, қатысушылар педагогика кафедрасының аға оқытушысы А.К. Абдиркенова және дөңгелек үстел модераторы Шалгимбекова А.Б, «Дефектология» мамандығының студенттері ҚМПИ Оқу үрдісін жоспарлау және жаңашылдықпен дамыту бөлімі белсенді түрде ат салысты.