Өндірістік практика нәтижесін қорытындылау конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 03 марта 2016
2016 жылдың 03 наурызы күні 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттерінің өндірістік практикаларының қорытынды конференциясы өткізілді. Практика «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіндеөтті. Конференцияғаосы мамандықтың 2-3 курс студенттері шақырылды. Оғанстудент - практиканттардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды: (қабырға газеті, тақырыптық стендтер, карталар, кестелер, макеттер, суреттер, видеоматериалдар).
Әр студент өзінің практика барысында неге үйрендігі жәнеол алған білім, білік, дағдыларын еңбек жолында қалай қолданатындығы туралы өз пікірлерімен алмасты. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдерін айта отырып, жалпы бастауыш сынып мұғалімі және сынып жетекшісі қызметі қиын да қызықты екенін толғаныспен айтып өтті. Мектептегі тәлімгер-мұғалімдердің қолданған тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталып, өздеріне озық тәжірибе ретінде жинақтап алғандарын сөз етті.Сол мұғалімдердің теорияны практикамен ұштастыруда өздеріне әдістемелік көмек көрсеткендеріне, берген ақыл-кеңестеріне шын жүректерінен алғыстарын да білдіріп өтті. Жалпы өндірістік практика бағдарламасында белгіленген талаптарды толығымен орындап, өздерінің есеп беру құжаттарын тапсырды.