ЖОО мен мектептің өзара ынтымақтастығы
- Подробности
- Опубликовано: 03 марта 2016
Мектептермен және жоо әректтесу жөнінде 2016 жылы 3 нуырыз айында ҚМПИ-дың педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалғымбекова Ә:Б. және мектепке дейінгі ,бастауыш, арнайы белім беру кафедрасының доценті, п.ғ.к. Лиходедова Л.Н. Аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен «Қостанай дарыны» Қарасу ауданында оқу- әдістемелік семинар өткіді. Осы семинарда орта мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде, тәрбиеге байланысты нормативтық құжаттарымен танысу «Тәрбиенің концептуалдық негіздері», «Сынып жетекшілерге арналған инструктивтік хат», «Мемлекет басшысының «Мәнгілік ел» шығармасын зерттеу негізіңде әдістемелік хат», сондай-ақ, Қазақстан Республикасыңдағы инклюзивтік білім беру жөніндегі мәселелер қарастылырды. Семинарға қатысушылар: сынып жетекшілер, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеіметтік педагогтар, дефектологтар, логопедтер, Қостанай облысының Қарасу ауданның жалпы білім беретің мектептерінің мұғалімдері.Семинар барасында Қазақстан Республикасының инклюзивтік білім беруді еңгізу жөніндегі концептуалдық бағыт-бағдарлары ашылып көрсетілді, жалпы білім беретің мектептердің әрікетін іске асыруға байланысты нормативтік құжаттар талқыланды; инклюзивтік практиканы іске асыру жолдары жөнінде оқу-тәрбие үдерісіңде нұсқаулар берілді, интегративтік сыныптарды арнайы техникалық және дидактикалық материалдарымен қамту туралы мәліметтер қарастырылды.Қатысушылар семинардың өзектілігін, практикалық бағыттылығын және жоғары әдістемелік денгейін атап айтты.Семинардың соңында «Психология және педагогика», «Психология», «Дефектология», «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамаңдықтар бойынша кәсіби бағыттылық жұмыс жүргізілді, буклеттер таратылды. Тыңдаушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады.