«Жас сахна» студенттер театры

02.03.16Үстіміздегі жылдың наурыз, сәуір айларында ҚМПИ-ның «Жас сахна» студенттер театры өз өнерін тағыда халыққа паш етті. Биылғы жылдың алғашқы қойылымы Жұмагүл Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса...» атты мистикалық пьесасына қойылған спектальді сахналады. Нәтижесінде құрылғанына бір жыл енді болған жас театр үздік шығармамен студенттер мен қонақтарды таң қалдырды. Бүгінгі күннің өзекті тақырыбын көтерген шығарма көрермендердің ыстық ықыласына бөленгенін атап өткен жөн.
Қойылым ең әуелі өмір жолында оң-солын ажыратпаған, адал еңбекпен дұрыс жолға түсудің орнына оңай ақшаға алданып, теріс жолға бұрылған, алайда оны сезбеген, дұрыс таңдау жасамаған жастар тақырыбын көтерген. Сахналық туынды адам тағдырына өте жауапкершілікпен қарауға шақырып, адамгершілік пен адамдық тұрғысында ең ізгі қасиеттерді қастерлеуге тәрбиелейді. Бұл қойылымда «Психология және педагогика», «Тарих және өнер», «Жаратылыстану-математика» факультеті студенттері қатысып, өз өнерлерімен таң қалдырды.

Қойылымға келген қонақтар мен театр жетекшісі педагогика кафедрасының аға оқытушысы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызы алдағы уақытта шәкірттерінің үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдіріп, алғыс айтты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз