«Тәжірибелік-бағдарланған оқытудағы зерттеу әдісі»
- Подробности
- Опубликовано: 01 марта 2016
2016 жылдың 1 науырызда психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Смаглий Т.И. психология және педагогика факультетінің оқытушылары үшін «Тәжірибелік-бағдарланған оқытудағы зерттеу әдісі» атты әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында педагогикалық мамандықтарының бакалаврын даярлауда тәжірибелік-бағдарланан оқытудың ерекшеліктері, зерттеушілік іс-әрекет пен оқыту үрдісін байланыстыру мәселелері талқыланды. Оқытушылар зерттеушілік пен оқытудың үйлесімділік алгоритмімен және психологиялық-педагогикалық пәндер циклін оқытуда сабақтарда оны қолдану тәжіриесімен танысты.