Теориядан тәжірибеге
- Подробности
- Опубликовано: 29 февраля 2016
Бакалаврдың педагогикалық, өндірістік практикасы кәсіби мамандарды дайындаудажоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің ең маңызды бөлімі болып табылады.
2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-4 курс студенттері Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясында педагогикалық және өндірістік практикаларынан өтті. Практиканың негізгі мақсаты – студенттерді пән мұғалімі және сынып жетекшісінің біртұтас қызметтерін орындауға дайындау.
Практика барысында студенттер аталған мектеп-гимназия мұғалімдерінен жан-жақты тәлім-тәрбие алып, өздерінің әдістемелік дайындықтарын шыңдауға мүмкіндік алды. Кейбір студенттер сабақтарында қазіргі инновациялық технологияның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, топтық жұмыс арқылы диалогтік оқыту әдісін жақсы ұйымдастыра білді. Олар, 3 курс: Искакова Д., Сарыпбек П., Сайлауова Б.; 4 курс: Әсілхан А., Рахат Н., Бимурзаева Г., Исмагулова А., Сулейменова Ж.Сонымен қатар оқушылардың сын тұрғысан ойлауларын, ой ұшқұрлықтарын жетілдіруде жан-жақты іздене отырып, сабақтың қызықты да тартымды өтіуіне белсенділік танытты.