Педагогикалық практика – кәсіби құзіреттілікке қадам
- Подробности
- Опубликовано: 22 февраля 2016
2016 жылдың 22 ақпаны күні 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері өздерінің педагогикалық практикаларын қорғады. Онда өздерінің практика барысында алған білімдері мен біліктіліктері туралы жан-жақты баяндап берді. Оқушымен жұмыс барысында туындаған қиындықтарын айта отырып, оны жоюдағы әдіс-тәсілдермен бір-бірімен бөлісті. Пән бойынша ең тиімді болған әдіс-тәсілдерін айтып, оның нәтижелерін де дәлелдей білді.
Жалпы практиканың жұмыс бағдарламасында берілген тапсырмаларды толығымен орындап, әркім өзінің әдістемелік папкасын, практика күнделігін, мінездемесін тапсырды. Бұл педагогикалық практика студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып, олардың педагогикалық және әдістемелік шеберліктерін жетілдіруге зор ықпалын тигізді. Осы орайда студент-практиканттар «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі әкімшілігіне және өздеріне әдістемелік көмек көрсеткен ұстаздарға зор алғыс білдіреді.