«Жақсылық жаса» қайырымдылық іс-шарасы
- Подробности
- Опубликовано: 20 февраля 2016
Психология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. студенттермен бірге 2016 жылдың 20 ақпан күні кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Қостанай облысы бойынша өткізілген қайырымдылық іс-шарасында болды.
Өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік және эстетикалық, патриоттық тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың әлеуметтік дағдылары мен түрлі жағдайларда өздерін ұстай білу қабілетін дамыту қайырымдылық іс-шараның басты міндеті болды.
Қайырымдылық іс-шараның бағдарламасында концерт, сюжеттік-рөлдік ойындар, байқаулар мен би болды. Орталықта 3 жастан 15 жас аралығында 20-дан астам балалар өмір сүруде және олар өз таланттарын, шығармашылық қабілеттерін ашып көрсетуде мұндай кездесулер қажет. Балалар өте белсенді түрде бишілер мен әншілерге қолдау көрсетті.Концерттік бағдарлама қызықты және әр түрлі болды. Ең белсенді Көрермендердің көбісі концертке қатысқысы келді, би билеп, қазақ және орыс тілдерінде патриоттық тақырыптарға белсенді өлең оқыды. Олар өте талантты екендіктерін көрсетті. Қыздар тобы от шашқан музыканың астында, орталықтың тәрбиеленушілері қазіргі заманғы жастар биін биледі. Студенттер балалардың және Орталықтың қызметкерлерінің көңілін көтерді, іс-шараны ұйымдастырушыларды бірауыздан қолдады. Ән мен бидің арасында балалар ойындар ойнады. Соңында ұйымдастырушылардың есебінен тәттілермен шай ұйымдастырылды.