Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша кураторлық сағат
- Подробности
- Опубликовано: 01 февраля 2016
Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Педагогика және психология» мамандығының 1, 3 курс студенттерімен «Марал ишан» мешітінен діни қызметкерлер шақырылып, аталған мәселе жайында іс-шара өткізілді.
Дін қызметкерлері студенттерге Ислам негіздері туралы ақпарат беріп, исламда халық арасында жиі қолданылатын ұғымдардың мән-мазмұнын ашып, қарапайым тілмен түсіндірді. Сонымен қатар мұсылманның негізгі діни ұстанымдарын, білуге тиісті діни мәселелері мен оның зайырлы қлғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты ақпараттарды баяндап, көзқарастарын айқын түсіндірді.
Студенттер дін қызметкерлеріне көкірегінде мазалап жүрген діни мәселелер бойынша сауалдарын қойып, қажетті жауаптарын ала білді. Аллаға сену, Иман негіздері, Ақида, фиқһ шариғат негіздері т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.Ислам этикасы мәселесі де қозғалды. Дін өкілдері ислам этикасының ізгілік, адамгершілік, мінез-құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы екендігін түсіндірді. Оның мейірімділік, төмзімділік, шыншылдық, тазалық, жомарттық, бауырмалдық, кеңпейілдік, аманатқа қиянат жасамау, ар-намысты сақтау сияқты көптеген жалпы адамзаттық құндылықтардан тұратындығын айтып, болашақ мамандардың осындай асыл қасиеттерді бойында дарытқан адамның үйлесімді тұлға болып қалыптасудың кепілі екендігін ерекше атап өтті.Бұл ұйымдастырылған іс-шара студенттер үшін пайдалы әрі күнделікті өмірлік тәжірибеде қажетті білімдермен қаруландырды. Студенттер осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуына ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарына жауап ала білді.Дін өкілдері психологиялық-педагогикалық факультетінің орынбасары Гүлжан Ағыбайқызына «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын» ұсынып, оқытушылардың, топ жетекшілерінің күнделікті қызметте басшылықа алуға болатындығын айтты. Бұл тұғырнамада негізгі діни ұстанымдар, ислам негіздері жайында нақты әрі қысқаша мәліметтер берілген.