Мен өмірді таңдаймын!
- Подробности
- Опубликовано: 30 января 2016
2016 жылдың 30 қаңтарында ҚМПИ конференц-залында Қостанай облысының прокуратурасы, Қостанай қаласының білім беру бөлімі және облыстық психиатрия ауруханасымен бірлескен «Мектеп психологы жұмысындағы суицидальды мінез-құлық ты алдын алу проблемасы» - атты іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада Қостанай облысы прокурорының бас көмекшісі Каримов Р.А., облыстық психиатрия ауруханасының психологиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Ислямова Г.А.,психология кафедрасының аға оқытушылары Ташетов А.А.,Белого Н.В.баяндамалары тыңдалып,талқыланды.
Дөңгелек үстел барысындағы пікір-таласта мектеп оқушыларының суицидальды мінез-құлқын алдын алудың жаңа әдістері мен түрлерін ізденудің жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, болашақ педагог-психологтарды даярлаудың дуальді идеясы мәселесі көтерілді.