«Достық пен мейірімділік»
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2015
2015 жылдың 21 қарашасында, «Психология» кафедрасының оқытушысы Б.Х.Қайырованың жетекшілігімен «Педагогика және психология», «Психология» мамандықтарының 2,3 курс студенттерімен Қостанай облысының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Достық пен мейірімділік» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара бойынша тренинг, ойын және жаттығу, бейне фильм, астарлы әңгімелер енгізілген. Балалар достық пен мейірімділік туралы өз білімдерін бөлісті, достық туралы фильмді талқылауға белсенді түрде қатысты. Тілектес көңіл-күймен көңілді қарым-қатынас іс-шараға табысты үлес қосты.