15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні
- Подробности
- Опубликовано: 12 ноября 2015
2015 жылдың 12 қарашасында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттері мен топ кураторы Д.Х. Кушмурзинаның ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының 1 курс студенттері үшін («БОПӘ», МДТО» және «Дефектология» мамандықтары) «Ұлттық валюта – теңге күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне» арналған «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – Теңге» тақырыбында танымдық дәріс сағаты өткізілді. Өткізілу мақсаты: ҚР ұлттық валютасы ретінде теңгенің енгізілу тарихы туралы білімдерін нығайту, түсініктерін кеңейту, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға ықпал ету және елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын сыйлай білуге тәрбиелеу.