СӨС апталығы
- Подробности
- Опубликовано: 12 ноября 2015
2015 жылдың 12 қарашасында ҚМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің психология кафедрасының аға оқытушылары Г.М. Молдахметова және З.Д. Ахметбекова СӨС апталығын ұйымдастырды және қткізілді. «Психология» және «Педагогика және психология» мамандықтары студенттерімен Қостанай облыстық психиатриялық стационар психологы М. Қарабаевамен кездесу өтті.
Іс-шара білім беру және алдын алу бағытында болды. Психолог 1-2 курс студенттеріне психиатриялық аурухананың психологиялық қызмет ерекшеліктерін айтып берді, ол әр түрлі факторлардың және психикалық аурудың алдын алу, анықтау және емдеу әдістерін, психикалық бұзылуларға қатысты мәселелер, олардың себептеріне тоқталып, сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, кездесу маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу бойынша әңгіме қозғады. Студенттер түсіндірме брошюралар алу мүмкіндігіне ие болды. Студенттердің белсенділігі қозғалып отырған тақырыпқа бей-жай қарамайтындығын және болашақта мұндай тақырыптарда іс-шараларды өткізу қажеттілігі өзекті екендігін көрсетті.