«Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу»
- Подробности
- Опубликовано: 09 ноября 2015
5В050300 - «Психология», 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандықтарының 1, 2 және 3 курс студенттері үшін 2015 жылдың 9 қарашасында «Салауатты өмір салты» апталығы барысында «Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Кездесуге Қостанай облыстық наркологиялық диспансердің практикалық психологы Решетняк Анна шақырылды.
Ол студенттерді оңалту орталығының практикалық психологы жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды, наркологиялық тәуелділіктің не екенін, қандай себептен туындайтынын, есірткі мен алкогольдік ішімдікті қолданудың адам ағзасына кері әсерін түсіндірді, оларды емдеу әдістемесімен және әдістерімен бөлісті, студенттер сұрағына жауап берді.
Кездесу студенттер үшін тәжірибелік маңызды болды және болашақ жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен даму қызығушылығын арттыра білді.