Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерімен өткізілген дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 06 ноября 2015
2015 жылдың 06 қарашасында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірге Қостанай аудан әкімдігі білім бөлімінің Александров шағын жинақталған орта мектебінде «Шағын жинақталған мектепте бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын инновациялық оқыту әдістері арқылы дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық дөңгелек үстел өткізді. Оған аталған кафедрадан кафедра меңгершісі, п.ғ.к. Ли Е.Д., аға оқытушы, п.ғ.к. Байжанова С.А., аға оқытушы, п.ғ.магистрі Кушмурзина Д.Х., аға оқытушы, психология магистрі Казакова О.В., аға оқытушы Султанбекова Ж.Х. және Қостанай аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты 20 шақты шағын жинақталған ауылдық мектептерден мектеп директорлары мен 50-ден астам мұғалімдер қауымы қатынасты.