ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры
- Подробности
- Опубликовано: 05 ноября 2015
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасының негізінде психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 4 курс студенттерін болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ретінде кәсіби және пәндік құзырлықтарын қалыптастырып даярлауда биылғы оқу жылынан бастап «Мұғалімнің кәсіби бағдары" курсы жүргізілуде. Курстың мақсаты: Болашақ мұғалімдердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.Міне, осы орайда аталған курс бойынша «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Бекмурзина Ж.М. (02.11.2015 ж., орыс бөлімі) және аға оқытушы, п.ғ.магистрі Кушмурзина Д.Х. (05.11.2015 ж., қазақ бөлімі) кафедраның 2015-2016 оқу жылының оқу-әдістемелік жоспарына сәйкес «Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың көздеген мақсаты: Оқыту мен оқуда АКТ қолдануға негізделген түрлі тапсырмалар орындату арқылы студенттерді білім беру жүйесінде АКТ-ды қолдану әдістемесімен таныстыру. Сабақ барысында студенттер түрлі жұмыстар арқылы өздерінің сын тұрғысынан ойлауларын дамытуға, ақпараттық технология құралдарын сабақта кеңінен қолдана білуге үйренулеріне зор мүмкіншілік алды. Сабақтар жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.