ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13-18.04.2015Үстіміздегі жылы 13-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Әуесқой жастар мен студенттер театр ұжымдарының Халықаралық фестиваліне біздің оқу орнымыздан педагогика кафедрасының аға оқытушысы Әбдіркенова Ақбидаш Қапанқызының жетекшілігімен жүргізілген «Жас сахна» ҚМПИ студенттер театры қатысқан болатын. «Жас сахна» ұжымы тек оқу орнымыздың намысын қорғап қана қоймай, облысымыздың мерейін үстем етіп, фестивальге қатысқан 14 ұжымның ішінен ІІ орынды еншілеп, жемісті сапардан оралды. Бұнымен қоймай, «Жас сахна» ҚМПИ студенттер театрының дарынды актері Алмас Мұратбеков «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына ие болды.
«Жас сахна» ұжымын қос қуанышпен құттықтай отырып, тек алдыңғы қатардан көрінуді тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз